Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында өткен жылға 1 953 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл қорытындысымен 3 287 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жылдық жоспардан 168 пайызға артық орындалып отыр. 2023 жылға 5 603 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, бүгінгі күнге 1 815 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылдық жоспардың 32,4 пайызын құрап отыр. Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орын құру туралы тапсырмасы бойынша ауданда 551 жаңа жұмыс орындары құру жоспарланып, өткен жылдың қорытындысымен 1 421 жаңа жұмыс орны құрылды. Жылдық жоспар 2 есеге артық орындалды. Ал, 2023 жылы 1 152 жаңа жұмыс орындары құру жоспарланса, 3 айдың қорытындысымен 309 жаңа жұмыс орны құрылып, жылдық жоспардың 27 пайызын құрап отыр. 2023 жылға 1,1 млрд. теңге қаржы жоспарланған. Ағымдағы жылдың 3 айында 1 173 отбасындағы 7 133 аз қамтамасыз етілген адамға 216,4 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 142,1 млн. теңге төленді. 2022 жылға тұрғын үй көмегіне аудандық бюджеттен барлығы 18,3 млн. теңге қаржы қаралып, 252 отбасыға төленді. 2023 жылға 21,2 млн. теңге қаржы қаралған. Ағымдағы жылдың 3 айында 86 отбасыға 4 млн. теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, толығымен төленді. Сонымен қатар, 2022 жылға атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жастағы балаларына бюджеттен (РБ) 164,4 млн. теңге қаржы қаралып, 2 440 балаға әлеуметтік пакет тағайындалып, төленді. 2023 жылға (РБ) 133,1 млн. теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылдың 3 айында 1 053 отбасыларындағы 2 079 балаға 20,9 млн. теңге төленді. 2025 жылдарға Шанақ дәрігерлік амбулаториясы және Айнатас, Ақбастау, Қаржан, Алтынтөбе, Жұмысшы, Махамбет және Майлыошақ елді мекендерінен ФАП құрылысын салу қарастырылуда. Өткен жылдың қорытындысымен ауданда жалпы 62 елді мекеннің 59 елді мекені немесе 96,7 % ауыз су құбырымен қамтамасыз етілді. 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі кезеңмен Жігерген ауыл округі Айнатас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына 276 млн. теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың 17 мамырында пайдалануға берілді. Сонымен қатар, өтпелі кезеңмен Тұрбат ауыл округі Қызылдихан елді мекенін қайта құру ауыз су жүйелерінің құрылысына 685,9 млн. теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылдың тамыз айында ел игілігіне беріледі. Сондай-ақ, 2023 жылы «Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қоймасының құрылысына 268,5 млн теңге қаралып, жыл соңына пайдалануға беру көзделуде. Нәтижесінде 7 елді мекенді 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданының орталығын 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 727,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Аталған нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Жылдың қорытындысымен аудан бойынша 60 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 96,7 пайызды құрайтын болады. 2023 жылдарға өтпелі кезеңімен елді мекендердегі 45 ішкі көшелерді орташа жөндеу жұмыстары үшін 2,3 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 17 көшеге 702,3 млн.теңгеге қаржы қаралған. Аталған көшелердің барлығы жыл соңына дейін ел игілігіне тапсырылатын болады.