Көктем мезгілінде жауын-шашын мөлшерінің артуы салдарынан су тасқыны қауіп тудыратыны анық. Қазгидромед орталығының 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған қорытынды гидрологиялық болжамы бойынша, Қазақстан аумағын қармен жабу алаңы 4% -ды құрайды. Қар жамылғысы негізінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Жетісу және Абай облыстарының жыраларында, орманды және таулы жерлерінде сақталады. Қазіргі таңда, оңтүстік өңірінде қар суының еруі аяқталды. Бассейндегі ірі су қоймалардың жұмысына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Шардара су қоймасының – жобалық сиымдылығы 5200 миллион текше метрді құрайды. Бүгінгі күні қойманың толу деңгейі-96,9%. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 338,0 текше метрді құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 150 текше метр. Бөген су қоймасының нақты көлемі 342,80 миллион текше метр болса, қазіргі таңдағы толу көрсеткіші 92,6% құрайды. Су қоймаға келіп жатқан су көлемі — 40,95 м3/сек., су қоймадан шыққан су көлемі 57,0 м3/сек. Көксарай су реттегішінің жобалық сыйымдылығы — 3000 миллион текше метр. Нақты көлемі — 1785,74 миллион текше метр. Толу көрсеткіші -59,5%, келіп жатқан су көлемі — 0,0 млн.м3, шыққан су көлемі — 150 м3/сек. Түркістан, Қызылода облыстары және Шымкент қаласы аумағындағы қалған су қоймаларының толу пайызы 90%-дан төмен. Қапшағай су қоймасының жобалық сыйымдылығы — 28140 млн.м3. Бүгінгі күні нақты көлемі — 17690 млн.м3, деңгейі – 478,44м, су қойманың толу деңгейі – 96 %. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 320 м3 құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 250 текше метр. Бартоғай су қоймасының жобалық сыйымдылығы — 320 млн.м3. Қазіргі таңда нақты көлемі – 292,08 млн.м3, деңгейі – 1066,56 м, су қойманың толу деңгейі – 91 %. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 12,8 м3 құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 5,0 текше метрді құрайды. Күрті су қоймасының жобалық сыйымдылығы — 120 млн.м3. Бүгінгі күні нақты көлемі – 93 млн.м3, деңгейі – 555 м, су қойманың толу деңгейі – 77 %. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 4,7 м3 құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 1,0 текше метр. Бестөбе су қоймасының жобалық сыйымдылығы — 238 млн.м3. Бүгінгі күні нақты көлемі – 85,41 млн.м3, деңгейі – 1748,35 м, су қойманың толу деңгейі – 36 %. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 34,2 м3 құраса, ал шығарылған су көлемі секундына 33,7 текше метр. Жоғарыда аталған Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясына қарасты ірі су қоймаларының жұмысына күнделікті талдау-сараптау жұмыстары жүргізілуде. Бассейн аумағындағы басқа да су қоймалар вегетациялық кезеңге дайындалуда. Жамбыл облысында да көктемгі су тасқынынан қауіп жоқ. «Қазгидромет» РМК орталығының хабарлауынша, вегетациялық кезеңге тау өзендеріне арналған гидрологиялық болжамы бойынша жауын-шашын мөлшері артық түсті. Алайда, тау бөктерінде қар жоқ. Қазіргі таңда, Шу Талас бассейні бойынша қар суының еруі аяқталды. Терс-Ащыбулақ су қоймасының – жобалық сиымдылығы 158,0 миллион текше метрді, рұқсат етілгені – 145,0 млн.м3 құрайды. Бүгінгі күні қойманың толу деңгейі-100%, көлемі 145,0 миллион текше метр. Су қоймасына келіп жатқан су көлемі 17,2 м3/с , ал шығарылған су көлемі 15,0 м3/с. Тасөткел су қоймасының – жобалық сиымдылығы 620млн.м3, рұқсат етілгені – 472,0 млн.м3 құрайды. Бүгінге су қойманың көлемі 345,3 млн.м3 болса, қазіргі таңдағы толу көрсеткіші 73% құрайды. Су қоймаға келіп жатқан су көлемі – 73,1 м3/сек., су қоймадан шыққан су көлемі 50,0 м3/сек. Талас өзенінің бойындағы Қырғыз Республикасында орналасқан Киров су қоймасының жобалық сыйымдылығы – 550 млн.м3. Нақты көлемі -434,17 млн.м3. Толу көрсеткіші -79 %, келіп жатқан су көлемі – 26,1 млн.м3, шыққан су көлемі – 0,1 м3/сек. Қазіргі таңда, барлық бассейн аумақтарында суару маусымы басталып, суармалы жерлерге жоспарлы түрде су жеткізілуде.