Түркістан жоғарғы көпсалалы, аграрлық колледжінің стратегиялық даму жоспарында теория мен практиканы ұштастыру, сонымен қатар ауыл шаруашылық саласында ғылыми негізделген инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізе отырып білім алушыларды ғылымға бейімдеу жоспарланған. DALA-FRUIT.KZ» ЖШС негізін қалаушы Болатбек Нажмиддинұлының басшылығымен «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі» МКҚК «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесімен агроөнеркәсіп кешенінде білікті жұмысшы кадрлар мен мамандарын даярлау сапасын арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында өзара ынтымастық туралы келісімге тұрып мекеме басшылары А.Джанбатыров және Н.Алипбеков Меморандумға қол қойды. «Шымкент қаласы әкімшілігі» және «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемелерімен бірігіп колледж мамандары ауыл шаруашылығы саласындағы (кластерлі) жобаларды жүзеге асыру бойынша қала аумағындағы мекен тұрғындарымен және жеке шаруашылық жұмысшыларымен кездесу, семинарлар өткізіп отырады. Колледж ғалымдары ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық жобаларды шаруашылықтарға еңгізу мақсатында егін шаруашылығы бағытында (көкөніс өнімдерін өндіру, салат көкөніс дақылдарын өсіру) ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде негізделген тиімді агротехникалық іс-шараларды, тәсілдерді және өсімдіктерді қорғаудың экологиялық қауіпсіз әдістерін ұсынуда. 2023 жылдың 16 мамыр күні Шымкент қаласы, Абай ауданы, Алтынтөбе тұрғын үй алабында орналасқан, «Нұр» шаруа қожалығында «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен «Қазақстанның оңтүстігінде отандық және шетелдік селекцияның салат көкөніс дақылдарының перспективалы сорттарын конвейерлік өсіру технологиясын енгізу» тақырыбындағы семинар өткізілді. Семинарға ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының орынбасары Базарбеков Қайрат Мейрханұлы, бөлім басшылары, қала аудандарына қарасты ауыл шаруашылық басқармаларының мамандары мен шаруа қожалық төреағаларымен дихандары қатысты. Жиын барысында семинарға қатысушылар отандық және шетелдік селекциясы салат көкөніс дақылдарының түрлері мен сорттарын (райхангүл, салат жапырағы, брокколи қырыққабаты, ақжелкен, руккола, аскөк, жасыл пияз), Қазақстанның оңтүстігінде ашық далада конвейерлік өнім түсімін қамтамасыз ететін өсіру технологиясының ерекшеліктерімен, сонымен қатар көшет егетін жаңа агротехникасымен танысты. Агроөнеркәсіп кешенінің жұмысшылар мен мамандары, шаруа қожалығының дихандары колледж мамандарына ризашылығын білдіріп, инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізе отырып, Шымкент өңірінде ауыл шаруашылық саласын дамытуға өз үлестерін қосуға мумкіндік туғанын айтты. Түсім конвейерін әзірлеуді негізге ала отырып, ашық далада салат көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын енгізу нәтижелері халықты сапалы өніммен үздіксіз қамтамасыз етеді. Жасыл көкөністерді өсірудің конвейерлік технологиясы жыл бойы салат көкөністерін алуға мүмкіндік береді. Салат дақылдарының түрлері мен сорттарын өндіріске енгізу ауыл шаруашылығының көкөніс кластерін әртараптандыруға ықпал етеді деген сенім бар.