Экономика АТК каналы арқылы егістік алқаптарға ағын суды жеткізу жоспарда тұр Редактор 26.05.2023 5890 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Жібек жолы ауыл округ тұрғындарымен кездесті. Ежелгі Сауранды мекен еткен халықтың саны бүгінде 3 мыңға жуықтап қалады. Байырғы Дешті-Қыпшақтан қалған ауылшаруашылығымен айналысып отыр. Мал шаруашылығы күн көріс көзі. Едәуір ілкімді тірлік бар. Былтырғы жылы ауылшаруашылық саласына 70 млн.теңге инвестиция тартылған. Ескі Сауранның да келбеті жаңарады. Инфрақұрылымы дамиды. -Сіздер ауданның тарихи жүрегінің тұрғынысыздар! Күллі Азияны аузына қаратқан Сауран көнермейді, керісінше жаңарады. Жібек жолы жанданады. Сіздер нәпақаларыңызды жер анадан айырып отырсыздар. Ауыл округ бойынша 5 963 га жайылымды жер болса, тағы да қосымша 12 350 га жер ортақ жайылымды жер беріледі. Қазіргі таңда елді мекен шекарасы 110 гектарға кеңейтіліп жатыр. Алдағы уақытта инфрақұрылым жүргізілгеннен кейін тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегінде тұрған Сауран елді мекені-267, Ескі Сауран-119 азаматтар қамтылатын болады. Кезінде 428 млн.теңге жұмсалып 500 метр скважина қазылған. Бірақ суы сапасыз. Өзім барып көрдім. Алдағы уақытта мамандармен бірлесіп бұл мәселенің де шешілу жолын қарастыратын боламыз,- деді аудан әкімі. Халық тарапынан АТК каналы арқылы егістік алқаптарына ағын суды жеткізу жөнінде ұсыныс айтылды. Тұрғындар ұсынысына үстіміздегі жылы Сауран ауданының маслихат жиналысында «Тұран су» мекемесінің орынбасары мен «КазСуШар» РМК мекемесінің инжинерінің қатысуымен, «КазСуШар» РМК мекемесінің теңгеріміндегі Р-46, Р-47, Р-48 каналдарын «Тұран су» мекемесінің теңгеріміне өткізу және Р-45 каналынан бастап 80 см биік орналасқын жерлерді төмен түсіріп, механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге келісілім берілді. Бұл жұмыстар жүргізілген жағдайда, ағын су Жібек жолы ауылына ағын су таратылатын болады деген жауап берілді. Көне Сауранды туристік аймаққа айналдыру бойынша қарқынды жұмыс жасалынбақ. Келешекте Сауран ауданы тарихи мәдени орталыққа айналуы мүмкін. Халық күткен көп мәселе қаржы мен уақытқа тәуелді. Алдымен халық мұқтаж мәселе шешіледі. Кездесу соңында ауыл тұрғындары аудан әкімінің төрт айда атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Тұрғындар тарапынан айтылған мәселені оңтайлы шешу үшін сала басшыларына тапсырмалар берілді. Айтылған мәселе назардан тыс қалмайды деп екшеді аудан басшысы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 1 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 14400 ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 21.11.2024 20442