Түркістан облысына қарасты Бәдібек ауданында өткен жыл қорытындысымен аудан бюджетінің кіріс бөлігі нақты 16 млрд. 582,2 млн. теңгені құрап, жоспарлы түсімнен 52 млн.578,8 мың теңгеге (100,3%), 2023 жылдың 3 айында нақты 1,9 млрд. теңгені құрап, жоспарлы түсімнен 117,2 млн. теңгеге (106,5%) артығымен орындалды. Жергілікті бюджет түсімдері нақты 1 млрд. 246,7 млн. теңгеге (102,2%), осы жылы 3 айда 0,5 млрд. теңгені (124,8 %) құрап, артығымен орындалды. Өткен жылы ауданда 55,8 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7 млрд. теңгеге, 2023 жылдың 3 айында ауданда 6 млрд. 447,6 млн. теңге болып өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2022 жылы 5 млрд.762,6 млн. теңге) 685,0 млн. теңгеге артып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,6 млрд. теңге (жылдық тапсырма 31,1 млрд. теңге) болып,нақты көлем индексі 112,7%-ға орындалды. Оның ішінде мал шаруашылығы 17,6 млрд. теңге (НКИ -102,6%), өсімдік шаруашылығы 17,9 млрд. теңге (НКИ 120,2%) құрады. 2023 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4 млрд. 389,6 млн. теңге (жылдық тапсырма 39 195,1 млн. теңге)болып, нақты көлем индексі 101,8%-ға орындалды. Оның ішінде мал шаруашылығы 4 283,4 млн. теңге (НКИ -101,8%), ал, өсімдік шаруашылығы 106,2 млн. теңге (НКИ 101,8%) құрады 2022 жылы жалпы құны 565,3 млн. теңгеге 5 жоба іске асырылды (3 жаңбырлатып, тамшылатып суғару, 2 қымыз өндіру цехы). Өткен жылы ауданда егістік жерді игеру жоспары 100 500 гектар болса, нақты 103 536 гектар (103%) игерілді. Ағымдағы жылы егістік жерді игеру жоспары 103 500 гектар болса, бүгінгі таңға толық игерілді(100%). 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру бойынша жоспар толығымен орындалды. 2022 жылы жылдық жоспар 60,2 гектарға (жылдық жоспар 60 га) 100,2% орындалды (Жалпы 33 жоба іске асырылып, 60,2 гектар жерден бірінші өнімге 579,2 тонна , екінші өнімге 554,8 тонна барлығы 1 134 тонна өнім алынды). 2023 жылы жылдық жоспар 66,4 гектар болса, бүгінгі таңда 66,4 гектарға(картоп, қияр, қырыққабат, қарбыз, қызанақ) тапсырма толық 100 пайызға, жалпы 33 жоба іске асырылып отыр (таулы аймақтағы ауа райы қолайсыз Алмалы мен Борлысайдан басқа 9 ауылдық округтен). 2022 жылы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 69 техника алынып, тапсырма 100% (жылдық жоспар 69 бірлік) толық орындалды. 2023 жылы жылдық жоспар 75 бірлік. Қазіргі таңда 35 техника алынып, тапсырма 40% орындалды. Мал басын көбейту бойынша өсім бар. 2022 жылы ірі қара мал – 62,8 мың бас (98,4 пайыз), қой- 509,6 мың бас (98,8 пайыз), ешкі – 53,2 мың бас (90,8 пайыз), жылқы – 25,2 мың бас (107,3 пайыз), түйе – 277 (106,9 пайыз), құс – 116,9 мың бас (106,2 пайыз) басты құрады. 2023 жылы ірі қара мал – 74,0 мың бас (103,0 пайыз), қой- 657,5 мың бас (106,5 пайыз), ешкі – 76,8 мың бас 100,3 пайыз), жылқы – 26,9 мың бас (109,0 пайыз), түйе – 281 (108,5 пайыз), құс – 113,8 мың бас (103,8 пайыз) басты құрады. Тиісінше мал өнімдерін өндіру бойынша тапсырмалар да артығымен орындалды. 2022 жылы ет 101,1 % (5 804,4 тонна), сүт 104,1 % (34 843,3 тонна), жұмыртқа 102,4 % (11 491,7 мың дана) өндірілді. 2023 жылы 3 айда ет 102,2 % (2858,5 тонна), сүт 102,6 % (5 947,6 тонна), жұмыртқа 104,1 % (2 079,5 мың дана) өндірілді.