Экономика Ауыл шаруашылығын дамыту үшін ағын су мәселесі шешімін таппақ Редактор 29.05.2023 8567 1 оқу мин Өңіріміздің мақтанышы саналатын Ақсу-Жабағылы қорығына жылына мыңдаған шетел туристері келеді. Еліміздің түпкір-түпкірінен келетін қонақтарды айтпасада белгілі. Осы ретте, туризім үшін әлеуеті жоғары аймақ орталығын көріктендіру аса маңызды шаруа. Бүгін Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге Жабағылы ауылдық округінде болып, жергілікті ақсақалдармен кездесті. Басқосудағы басты мәселе ауылды көркейтуге арналды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп, ауылдағы жайылым жер мәселесі, ауыл шаруашылығын дамыту үшін ағын су мәселесін шешу және медицина, идеология саласына қатысты өтініш-ұсыныстарын аудан әкіміне жеткізді. Әр мәселені мұқият тыңдаған Нұржан Жақсылықұлы айтылған өтініштерді жеке бақылауына алып, Заң аясында шешу мақсатында жауапты басқарма және мекемелермен тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, аудан басшысы округ орталығының тозығы жеткен ауыз су жүйесін қайта құрылымдаудан өткізу мәселесі алдағы жылдың басты жоспарында тұрғаның айтып, жер қазу жұмыстары толық аяқталғаннан соң ауылды абаттандыру шаралары басталатындығын атап өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 41954 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 60661 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 73201