Түркістан облысында бүгінде мал шаруашылығы жақсы дамып келеді, Өңірде етті, сүтті бағыттағы мал басын көбейтумен айналысатын шаруа қожалықтары көп. Түркістан облысында ветеринариялық басқармасы тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысының Ветеринариялық басқармасының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Сайрам ауданы филиалы тарапынан мына қызметтер тегін жүргізіледі: Ауыл шаруашылығы жануарларын (МІҚ, уақ мал, жылқы, түйе, шошқа) бірдейлендіру (сырғалау), Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларының профилактикасы (жануарларға вакцина егу) диогностикасы ( жануарлардан қан сынамаларын алу), Ветеринариялық – санитариялық жұмыстар: кенеге қарсы ірі малдарды (МІҚ, жылқы, түйе, шошқа) бүрку, уақ малдарды (қой ешкі) тоғыту, мал тұратын қора жайларды дезинсекция жұмыстарын жүргізу), Ветеринариялық анықтамалар беру. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Түркістан облысы ветеринария басқармасы басшысының м.у.а. Ғ.Құрманбай мен Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмайловтың қатысуымен Қазығұрт ауданында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Түркістан облыстық Статистика департаментінің бюллетеніндегі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасындағы және ауыл округ әкімдіктерінде жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кітапшасындағы мал бастарын сәйкестендіру. Сонымен қатар ветеринария саласындағы шешімі табылмай келе жатқан өзекті мәселелер талқыланды. Бұдан бөлек, Шардара ауданы бойынша жануарлардың энзоотиялық ауруларын алдын алу мақсатында 2023 жылға бекітілген көктемгі кезеңдегі жоспарға сәйкес уақ малдарды тоғыту жұмыстары жүргізілуде.