Тек елімізде ғана емес штелдерге де танымал кентау трансформатор зауыты жуырда 80 мегаваттық трансформаторды құрастырып шығарды. Қаншаама жылдардан бері табысты еңбек етіп келе жатқан зауыттың бұл жеңісті де, жемісті еңбегі еліміз үшін орасан зор жаңалық болып отыр. Өйткені аталған зауытта осы уақытқа дейін құрастырылып келген трансформаторлардың ең қуаттысы 63 мегаваттыққа дейін болатын. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі өндіріс орнының бұл жетістігі расында тарихта қалатын жаңалық болып отыр. Заманауи жаңа трансформатор Кентау секілді 10 ауданды электр қуатымен қамти алады. Қуаты мол трансформаторға қазірдің өзінде 4 тапсырыс түсіпті. Өнім өндіруде өкірте үлес қосып келе жатқан зауыттың табысы 11 млрд теңгеге жетті. Биыл экспорт көлемі 40 пайызға артып отыр. Алдағы уақытта экспортты 50 пайызға жеткізу жоспарлап отырған зауытта 1100 қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еңбек етеді. Зауыт осылайша дағдарыстан дамуға бет алған. Алдағы жылдарға дейін тапсырыс алған зауыт ырғақты жұмыс кестесін жалғастыратын болады. Өндіріс орны шетелдерден ірі тапсырыстар қабылдады. Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де елдерден түскен тапсырыстардың да көлемі артып келеді. Жаңа техникамен жарақтандырылуға және жаңа өнім шығаруға зауыт басшылығы әрдайым басымдық береді. Өндіріс қуаттылығы 20 жылда 20 есеге өскен. Маман мәселесін де назардан тыс қалдырмайды. Арнайы колледжде білім алған жастар осында іс тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасады.