25 жұлдызды күннің үшінші күні Отан тыныштығын қорғауда еңбек ететін шекарашыларға арналды. Бүгін ОҚО-дағы Кентау қаласында «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндерінің үшіншісі – «Мемлекеттік шекарашылар» күні ретінде аталып өтті. Осыған орай қаладағы №14 Әл-фараби атындағы жалпы орта мектебінде «Тәуелсіз Қазақстанның шекараларының айқындаудағы Елбасының рөлі» атты ұстаздар мен оқушылар арасында ғылыми конференция өтті. Сонымен қатар марқұм Кентау қаласының тумасы, кіші сержант, шекарашы Павел Вязиковты еске алуға арналған жастар арасында спорттан сайыс өтті. Жарыс шекарашының өзі білім алған алтын ұясы Кентау қаласындағы №16 Ю.Гагарин атындағы мектеп лицейінде өткізілді. Қалалық турнирде 10 команда қатысып ойынның баскетбол түрінен сынға түсті. Жиынды қала әкімінің орынбасары Р.Мыңбаев ашып беріп, ойыншыларға сәттілік жолдады.