Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн «ЖАҺАНДЫҚ БАСТАМАЛАР» акциясы аясында ОҚО-дағы Арыс қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ–нің ұйымдастыруымен «Ядросыз әлем-Қазақстанның жаһандық миссиясы» тақырыбында Семей полигонын залалсыздандыруға қатысқан азаматтармен кездесу өтті. Аталған кездесуге қатысушылар бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырған, адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль апатының тарихымен танысып, шараға қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.