Жас кәсіпкерлер – мықты мемлекеттің тірегі, күшті бизнестің діңгегі екені белгілі. Осыған орай кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қоры акционерлік қоғамдастығының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандарының қатысуымен Арыс қаласындағы №17 Кәсіптік колледжінде «Үздік жобамен кәсіпкерлікке» тақырыбымен семинар-тренинг өтті. Өз кәсібін енді ашуды жоспарлап жүрген бастамашыл жастарға бизнес жоспар құрудан бастап, несие алу жолдары мен бастаған ісін өркендету тетіктерін, қаржы заңдылығын, кәсіпкерліктің негіздері бойынша жан-жақты түсіндірді. Жиын барысында болашақ кәсіпкерлер көкейлерінде жүрген мемлекеттік бағдарламалар бойынша сұрақтарына тұщымды жауаптарын алды. Курсқа қатысқан болашақ кәсіпкерлерге курстан өткенін растайтын сертификаттар мен кітаптар табысталды. Жастар сала мамандарына өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіпкер атанып еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.кәсіпкерліктің ел экономикасының бір діңгегі екендігі белгілі. Сондықтан да экономиканы ілгерілету үшін жас кәсіпкерлерге қолдауды аямау қажет.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498