Міндетті медициналық сақтандыруды енгізуді ұйымдастыру және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, медициналық ұйымдарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді талапқа сай ету үшін ОҚО Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жөніндегі (Үйлестіру кеңесі) штаб құру туралы № 1-58-Ө өкімімен «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша Штабтың құрамын» бекітті. Бекітілген құрамға сәйкес, Арыс қаласында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша Штабтың» кездесу кестесі бекітілді. Жоспарға сәйкес Штаб мүшелері Ақдала, Дермене, Жиделі, Байырқұм, Қожатоғай ауылдық округтері мен елді-мекендердің тұрғындарымен кездесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мақсаты, атап айтқанда қол жетілімділігі мен өмір сүру ұзақтығын арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғау және ана өліміне жол бермеуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бала өлімін азайту, жүктілік бойынша әйелдерді ерте кезден есепке тұруларын қамтамасыз ету, озық мемлекеттердің тәжірибесін енгізу туралы түсіндірілді. Жиынға қатысқан тұрғындар «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам»-Ұлт жоспары аясында көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптарын алды.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.