Кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Елбасының жариялаған бес институттық реформалық бағдарламасы Қазақстанды жаңа белеске шығаратын бағдарлама деп айтуға болады. 100 қадамның тең жартысы кәсiпкерлер үшiн маңызды индустрияландыру мен экономикалық өрлеуге қатысты. Осыған орай бүгін ОҚО арыс ауданына қарасты Ақдала ауылдық округінде «ОNTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жанынан құрылған «Агро-кеңес беру» орталығының мамандары жас кәсіпкерлермен, шаруалармен және ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен кездесіп мастер-класс өткізді. Аталған кездесу жеке кәсіпкер Р.Кенжебаевтың жылыжайында өтті. Мамандар жылыжайда көп өнім алудың қырларымен таныстырып, әр кәсіпкерге өзіне тиімді ұрықты, оларға беретін тыңайтқыштарды таңдау тәсілдерін, қайдан алу керектігі туралы кеңінен мәлімет берді. Мастер-класс соңында жаңадан ісін бастаушы кәсіпкерлерге сертификат табысталды.