«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіне жүгінушілер қатары күн сайын көбейіп келеді. Оның қызметінің тиімділігі тұрғындар үшін пайдалы болып отыр. Қыркүйек айында жаңа пилоттық жобаны іске қосқан болатын. Ол бойынша мемлекеттік корпорация қызметкерлері перзентхана ғимаратында бірден 4 қызмет көрсетуге өтініш қабылдауда. Оңтүстікқазақстандықтар бұл 4 қызметті алу үшін ата-анасының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін ұсына алады. Дайын туу туралы куәлікті ата-аналар құжаттар қабылдаған күнді есептемегенде 2 жұмыс күнінен кейін халыққа қызмет көрсету орталығынан алып жүр. Ал жәрдемақының тағайындалғаны туралы ақпарат клиенттің ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түсетін болды. Балабақша кезегіне оңтүстікқазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталынан немесе мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі «Connection Point» өзіне өзі қызмет көрсету орталықтарынан білуде. Жаңа пилоттық жоба азаматтардың уақыттарын үнемдеуіне зор көмек болуда. Бүгінге дейін ОҚО-да 1584 өтініш бала бір жасқа толғанға дейін әлеуметтiк төлемді тағайындауға және 9 мыңнан астам өтініш балабақша кезегіне тұруға берілген. Тұрғындар жаңа жобаның өте тиімді екеніне қуанулы.