Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жуырда Арыс қаласында жұмыс сапарымен болды. Әлеуметтік-экономикадық дамуының рейтингі бойынша Арыс ауданы бүгінде төртінші орында тұр. Тоғыз жолдың торабы саналатын ауданда облыс әкімі бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Ең алдымен жұмысшы топ Арыс ауданындағы Ақдала ауылдық округіндегі «Қазына жер LTD» ЖШС сүт фермасын аралап, егістік алқабы жайымен танысты. Мақтаулы серіктестіктің тындырымды тірлігі көп. Бүгінде мұнда 800 бас мал бар. Оның 500-ге жуығы сауын сиырлар. Олардан күніне 10 тонна сүт алынады. Орта есеппен сүт фермасындағы әрбір сауын сиыр 22-25 литр көлемінде сүт береді. Ал дайын ағарған «Алтын Дән» және «Фудмастер» ЖШС-не тасымалданады. Ал сүт фермасының меншігіндегі 2847 га жердің бүгінде 2278 га игеріліп, оның 1265 гектарына жүгері, 1013 гектарына жоңышқа егіліп, қолдағы ірі қараны жем-шөппен қамту жайы өздігінен шешіліп отыр. Аталған серіктестік ауылдың әлеуметтік жағдайының оңалуына да көп көмегін тигізіп отыр. Мұнда жергілікті 75 азамат жұмыспен қамтылған. Ағарған өндіруде алдына қара салмай отырған серіктестіктің жайымен танысқан облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалады.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498