ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО Отырар ауданындағы Маяқұм ауылындағы «Маяқұм» каналының 17,9 шақырымы ағымдағы жөндеуден өтіп, мерейлі мереке қарсаңында ел игілігіне пайдалануға берілді. Маяқұмдық ағайындарды көптен бері толғандырып жүрген ағын су мәселесі өз шешімін тапты. Ширек ғасырлық Тәуелсіздік мерекесіне тарту болған «Маяқұм» каналы ауыл тұрғындарның қосымша 270 га суармалы алқапты игеруіне мүмкіндік бермек. Ағын су каналының салтанатты түрде тапсыру шарасында сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов барша маяқұмдық ағайындарды Тәуелсіздік мерекесімен және каналдың ел игілігіне берілуімен шын жүректен құттықтап, келер жылы да ауданымызда мұндай игілікті істер өз жалғасын табатындығын атап өтіп, көпшілікті бір серпілтіп тастады.
Салтанатты шараның лентасын ауыл ақсақалдары Б.Батырқұлов, Қ.Арыновтар қиып, игілікті іске атсалысқан барша азаматтарға алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498