Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістандағы Қарашық ауылдық мәдениет үйінде «Тұңғыш Президентіміз – Кемеңгер көшбасшы» тақырыбында әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Шараға ауыл ақсақалдары, мектеп оқушылары мен ауыл жастары қатысты. Мәдени шарада ҚР «Мәдениет қайраткері» Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» — Мұстафаева Ұлжалғас Әбенқызы және Қарашық ауыл әкімінің орынбасары Рауф Абилов сөз сөйлеп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманының орындалғанын, Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегі жайында, жүріп өткен 25 жыл жолындағы жасампаздық істерін баяндап өтті. Жиында оқушылар Елбасы жайында өлеңдер оқып, патриоттық әндерін шырқады. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік әдеби сазды кеш өз жалғасын тауып, көркемсөз бен ән үйірмесі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.