Осы жылдың 9 айында облыстағы кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақ арқылы өткен тауарлар бойынша 9279 құжатты рәсімдеген. Бұл тек — автокөлікпен тасымалданған тауарлардың саны. ОҚО Кедендік бақылау басқармасы тауарларды жеткізілуін бақылау бөлімінің басшысы Ербол Үсіпов кеден одағы елдері арқылы өтетін тауарларды электронды, яғни, алдын ала ақпараттандыру арқылы рәсімдеу 2012 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқандығын айтып отыр. Жаңа жүйе бойынша автокөлік арқылы шеттен тауар тасымалдайтындар кем дегенде екі сағат алдын қажетті ақпаратты кеден органдарына жеткізіп берулері керек. Ербол Үсіпов, ОҚО Кедендік бақылау басқармасы тауарларды жеткізілуін бақылау бөлімінің басшысы: «Кеден одағы аумағына кіретін тауарлардың барлығы міндетті түрде алдын ала ақпараттандырылып отыруы керек. кеден одағынан автомобилдермен кіретін тауарларға 2 сағат, теміржол арқылы түсетін тауарларға 4 сағат алдын келіп түсіп отыруы керек» дейді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498