ОҚО Бәйдібек ауданы бүгінде кәсіпкерлік субьектілерінің көптігімен дараланады. Жуырда ауданда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер орталығы филиалының есептік жиыны болып өтті. Осы жиын барысында аймақта тіркелген 3729 кәсіпкерлік субьектісінің бүгінгі тіршілігі сараланды. Бүгінгі күні ауданда 1370 нысан жеке сала бойынша ісін өрбітіп отыр. 2399 субъектісі шаруашылық иелері болып табылады. Өз істерін өрге өрлетіп отырған кәсіп иелері жиын барысында бизнес тұрғысында әңгіме өрбітіп, пікір алмасты. Жиында бас қосқан кәсіпкерлерді толғандырған мәселе көп. Сонымен қатар, субсидия, жер мәселелеріне қатысты проблемалар – өзекті. Көкейде жүрген сауалдарға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары жауап қайтарды. Айта кетейік, жыл басынан бері кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 152 кәсіпкерге бизнесті дамыту жөнінде кеңестер берілген. Қаржы институттарынан 78 жоба несиемен қамтамасыз етілді. Бұл әлеуметтің әлеуетінің арттыруға сеп. Ауданда шағын және орта бизнес ілгері басқан. Шығарған өнім мен көрсетілген қызмет түрлерінің көлемі 2 млрд. теңгеге жеткен. Әрбір кәсіпкер есебінен жыл сайын 74,2 млн. теңге салық төленеді. Өз кезегінде бұл әрине аудан экономикасының өрге жүзуіне көп көмегін тигізері анық.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498