Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ОҚО Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы Жастар ресурстық орталығының ғимараты күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М. Исаев жастарды құттықтап: «Жастар саясаты біздің басым бағыттардың бірі, сондықтан алдағы уақыттары да бұл салаға көңіл бөле береміз. Жөндеуден өткен ғимаратта аудан жастары жаңа құлшыныс, жаңа идеялармен белсенді жұмыс істейді деп сенемін»- деген жүрекжарды лебізін білдірді. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Еспенбетов барша аудан жастарын құттықтап, игі тілегін жеткізді. Ескі ғимараттың еденінен бастап шатырына дейін, толық жаңаланды. Мәжіліс залы, мамандар отыратын жеке бөлмелермен қамтылған. Жаз айларында басталған құрылыс жұмыстары белгіленген мезімді бітті. Толық жөнделген ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарын «Бемир» ЖШС серіктестігі жүргізді. Аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры С. Маманов: «Ауданның барша жастарына жасалған игі іс. Аудан басшылығына үлкен алғысымды жеткіземін. Ендігі жерде жастар ресурстық орталығы жаңа ғимаратта, биік мақсаттарды бағындыруға жұмыс жасайтын болады» — дейді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498