Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жыл қорытындысы бойынша ОҚО Созақ ауданында «Алтын күз-2016» мерекесі аталып өтілді. Жыл бойы еңбегінің нәтижесін қортындылайтын жиынға барлық ауыл округтері мен кенттерден шаурашылық иелері, ауыл кент әкімдері, ардагерлер қатысты.
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиында, барша ауыл шаруашылық озаттарын аймақ басшысы М. Исаев құттықтады: -«Биылғы жыл ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласы үшін жемісті жыл болды. Тұңғыш рет Араб Әмірліктеріне экспортқа 2688 бас майда мал, 150 бас мүйізді ірі қара мал экспортталды. Барлық мемлекеттік бағдарламалар орындалды. Екі бірдей мал етін өңдеу цехын іске қостық. Алдағы жылы ауыл шаруашылығы саласында үлкен жұмыстар жасаймыз деген жоспарымыз бер», — деді. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген озат Құмкент, Шолаққорған, Жуантөбе ауылдық округі әкімдіктері аудан әкімдігінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, мал өнімін экспорттаудағы озат кооператив – Қарақұр өндірістік кооперативінің төрағасы Садырханов Жауғашты, 75 тонна ет өңдеген «Кеңдала» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі төрағасы Абдрахманов Ахматбек аудан әкімінің алғыс хатын иеленді. Сол секілді аудандық қоғамдық кеңесінің және ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Еспенбетов, аудандық мәлихаттың депутаты Ж. Сатыбалды ауыл шаруашылығынды үздік көрсеткішке қол жеткізген шаруа қожалық иелерін марапаттады. Қортынды жиын соңы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің қойған концерттік бағдарламасына ұласты.