Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ОҚО Отырар ауданындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп гимназиясында «Мемлекеттік пен егемендіктің маңызды белгісі ретінде мемлекеттік шекараларды халықаралық құқықтық рәсімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы, полковник Б.Өмірзақов, ардагер ұстаз М.Белгібаева және мектеп мұғалімдері қатысты. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов қатысып, көпшілікті еліміздің мерейлі мерекесімен құттықтай келе, өз сөзінде бейбіт еліміздің тыныштығын қадағалаған шекарашыларға жүктелген міндет зор. Елбасы жарлығымен 1992 жылдан бері аталып келе жатқан әскерилер мерекесіне 24 жыл толып отыр. Шекарамыздың беріктігінің арқасында мемлекетіміз төскейде малы қосылған іргелес көршілеріміздің барлығымен бауырластық қатынас орнатты» – деді. Шара барысында «Шегенделген шекара» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, гимназияның алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі С.Киізбаев көптеген жастарға үлгі болып әскери қызметте жүрген мектеп-гиназия түлектерін мақтанышпен айтып, жеткізді. Жиын соңында дөңгелек үстелге жиналған көпшілік «Атамекен» әнін патриоттық сезіммен орындап, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498