Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара ауданындағы «Абай» Мәдениет сарайында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік форум ұлттар татулығына арналды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша «25 жұлдызды күн» іс-шарасы аясында ұйымдастырылған мереке «Бір шаңырақ астында жасаймыз» тақырыбымен өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов арнайы қатысып, қала тұрғындарын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады, ауданға еңбегі сіңген бірқатар өзге ұлт өкілдерін аудан әкімінің атынан «Алғыс хаттарымен» марапаттады. Форумда қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қыстау Ілесов, М.Горький атындағы орта мектептің қызметкері Марина Садиярова, және басқа да азаматтар құттықтау сөз сөйлеп, бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан ұлттар достығына сызат түспейтінін айта келе, осындай тамаша ғұмыр сыйлап отырған Елбасымызға алғыс сезімдерін білдірісті. Мереке барысында әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған өнерлі жастар би билеп, әсем әуеннен шашу шашты. Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиева кеш соңынан құттықтау сөз сөйлеп, сахнада өнер көрсеткен өнерпаз жастарға марапаттар тапсырды.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498