Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, Қарой ауылындағы Рудаки мектебінде «Ел Тәуелсіздігі құтты болсын!» атты концерттік кеш болып өтті. Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Мақтарал ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы және аудан әкімінің кеңесшісі Ақан Әжібеков, аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков, аудандық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Абай Есенбеков т.б. қонақтар қатысты. Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген толағай табыстар жөнінде сөйлеген Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков 18 миллионға жетер-жетпес халқы бар Тәуелсіз Қазақстанмен 150-200 миллион халқы бар ірі елдер санасатынын зор мақтанышпен айтты. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның келуінде президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі орасан екенін ұмытпауымызды ескертті. Жалпы, концерттік кеште патриоттық әндер айтылып, қазақ-тәжік теңдей тұратын ауыл жастары ұлттық билерімен, өнерлерімен қалың көрерменнің ықыласына бөленді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498