Жуырда ОҚО Төлеби аудандық әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттінің ОҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Әшір Біржан Отарбайұлының қатысуымен көшпелі отырыс өтті. Жиынға қала, ауылдық округ әкімдері мен қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен мамандары, жергілікті мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Көшпелі отырыстың басты мақсаты — Ұлт жоспарының «100 нақты қадамына» сәйкес институционалдық реформалар бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ететін кәсіби мемлекеттік ақпаратты құру туралы түсіндіру болатын. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғам өмірінде үлкен орын алатындығын әрқашан естен шығармауымыз қажет. Көшпелі отырыс қорытындысында көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші екендігі айтылды.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498