ОҚО Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қалаға қарасты Хантағы ауылында болып, ондағы құрылыс нысанының жұмысын бақылап, тұрғындарымен кездесті. Жиында ауыл әкімі Самат Расул қала әкімінің берген тапсырмаларының орындалуы бойынша есеп берді. Сонымен қатар қала әкімінің есепті кезеңдегі тұрғындар тарапынан түскен мәселелерінің шешілуі бойынша да қаралды. Ауылдағы көпір, су, жол мәселелері өз кезегімен реттеліп отыр. Атап айтсақ бүгіңгі таңда Хантағы ауылында Бірлік, Тоқаев көшелерінің автокөлік жолдары орташа жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, Рысқұлбеков, Ильич, Еспенбетов, Иманов, Хантағы көшелеріндегі жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы және орташа жөндеулер өткізіліп, ауыл тұрғындарының жүріп тұруына жағдай жасалынды. Әсіресе мектеп жасындағы балалардың мектепке келіп кетуіне қауіп жоқ. Сонымен қатар ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға дәріптейтін, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Хантағы ауылында «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді. Жалпы ауылда клуб, жол жөнделіп, жүргіншілер жолы салынды, аялдамалар жаңаланып жатыр. Ауыл халқы 24 сағат бойы ауыз суды пайдалануда. Аллея жасалып, орталық алаң жаңа кейіпке енбек. Бір жылдар бұдан басқа да үлкен жұмыстар жүзеге асуда. Жиында тұрғындар тарапынан қала әкіміне сұрақтар қойылып, мәселелері талқыланды. Қәзір ауылдың күн тәртібінде тазалық мәселесі қойылған. Осы тарапынан қала әкімі ауылға қоқыс тастайтын ыдыс (контейнер) қоюға қолдау білдіретінін жеткізді. Сондай-ақ қала басшысы ауыл әкіміне ауыл тазалығын жіті бақылауда ұстауды қатаң тапсырды.