«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалында жоғарыда атап өткен тақырып бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті. Жиындағы алғы сөзді алған ОҚО ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров пен Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев қаланың мол мүмкіншіліктерін атап өтті. Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары Н.Ташимов Кентау қаласында өз кәсібін ашамын деушілерге жасалынған толық жағдайлар мен жеңілдіктер жайында баяндама жасады. Сондай-ақ Кентау қаласының өзге аудандардан ерекшеліктерін атап өтіп, индустриалды аймақтағы мол мүмкіншіліктерді талдап берді. Жиынға келген кәсіпкерлер тарапынан ұсыныстар айтылып, пікір алмасты. Айта кетейік, Кентау қаласында 25 га жер телімін құрайтын индустриалды аймақ құрылған болатын. Онда өз өндірісін ашамын деушілерге барлық жағдайлар жасалынған. Ең тиімдісі электр жүйесі ең төменгі бағада беріледі. Кентау өндірісті қала. Өз кәсібін ашқан кәсіпкер кадр мәселесінен тапшылық көрмейді. Себебі қалада техникалық мамандықтарды даярлап жатқан 5 оқу орындары бар. Кентау — табиғаты қолайлы, өндіріске жайлы қала. Сол себептен кәсіпкерлер зор қызығушылық танытып отыр.