ОҚО Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев жуырда қаладағы «Ердес нан» зауытының барып, жұмыс барысымен танысты. Ширек ғасырдан бері ас атасының түр түрін шығаратын кондитерлік кәсіпорын бүгінде бүкіл ауданды нан өнімдерімен қамтып отыр. Күнделікті тұтынантын ас атасынан бөлек мұнда кондитерлік тәтті нан да шығарылады. Атап айтқанда мұнда нанның 15-ке жуық түрі, тәттінің 115 түрі шығарылады. Күнделікті қажетті азықты шығару үшін мұнда 100-ге жуық қала тұрғыны жұмыс істейді. Зауыттың бас директоры Санжар Ердесов кәсіпорынның жұмысын жандандыруды, ондағы қондырғыларды жаңартуды қолға алып отыр. Алға ойған жоспарлары да көп. Кент әкімі мемлекет тарапынан беріліп жатқан түрлі қолдауларды пайдаланып, жұмысты әрмен қарай жетілдіруді ұсынды. Кентаудағы «Ердес нанның» өнімдері көрші қалалар мен басқа облыстарға да сатылымға шығарылады. Бағасы да соншалықты қымбат емес. Зауыт өнімдері сұранысқа ие. Алдағы уақытта модернизация жасау үшін қажетті мүмкіндіктерді қарастырылмақ. Соның арқасында Қаратау жұртын жарты ғасырға жуық уақыт бойы нанмен қамтып отырған зауыт алдағы уақытта жұмысын одан ары жандандырмақ. Ол үшін кәсіп иесі мемлекет қолдауына иек артуды көздеп отыр.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498