Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «25 жұлызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүгін «Азаматтық қоғам» күні. Бұл күні Тәуелсіздік жылдары азаматық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетіледі.
Сол себепті, облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков өңіріміздегі азаматтық қоғамның дамуына сүбелі үлес қосқан, облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының негізін қалаушы, Клара Төлендіқызын құттықтап, сый сияпат жасады. Одан басқа да облысымыздың дамуына мол еңбек сіңірген бірнеше азаматтарды құттықтады. Бүгінде облысымыздағы азаматтық қоғамның дамуында бірқатар жетістіктердің бар екенін айта кеткен жөн. Мәселен, қазірде өңіріміздегі қоғамдық ұйымдардың саны 1200 ге көбейіп, 6 саяси партияның филиалдары тіркелген. Сонымен қатар, өңірімізде 51 этномәдени орталық пен 104 кәсіподақ, 542 үкіметтік емес ұйым бар.