Жуырда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО Кентау қаласында «Қазақстан — бірлік пен татулықтың мекені» атты қоғамдық форум өтті. Қала ақсақалдары мен ардагер ұстаздар, этнос өкілдері және жастардың қатысуымен өткен форумды қала әкімінің орынбасары Рашид Мыңбаев жүргізіп отырды. Онда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша Кентау қаласында жеткен жетістіктер көрсеткіштері туралы» қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Бақберген баяндама жасады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев «Қазақстан — бірлік пен татулықтың мекені», ақсақалдар алқасының төрағасы Мұратбек Абдуллаев «Мәңгілік ел» тақырыбында кең көлемде мәлімет берді. Бүгінде қарт Қаратаудың етегінде орналасқан Кентау қаласында бірнеше ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді. Олар бірлік пен татулықты ту етіп, ынтымақта өмір сүруде. Жиын барысында ұлттар достығы дәріптеліп, кейінгі жас ұрпаққа тағлымды әңгімелер айтылды. Халықтар достығын сақтауда мұндай жиынның берері көп, әрине.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498