Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың Әзірбайжан Республикасынан келген делегация өкілдерімен кездесуінің қорытындысы бойынша қос тарап арнайы жұмыс тобын құрып, нақты ұсыныстар мен жобалар бағытында іске кірісетін болып келісті. Сонымен бірге, әкім елші мырзаға облыс орталығы — Шымкент қаласы мен Әзірбайжанның бір шаһарын «бауырлас қалаларға» айналдыру ұсынын жеткізді. Бұл ұсынысты құп көрген Р.Маммадаров осы идея негізінде жұмыс істеуге дайындығын мәлімдеді. Жалпы, 2016 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің арасындағы тауар айналымы 112,1 млн. АҚШ долларын құраса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,4 пайызға көп. Ал Оңтүстік өңірде Әзірбайжандық инвесторлардың қатысумен жұмсақ және кеңселік жиһаздар жобалары жұмыс істейді. Бұл кәсіпке салынған инвестиция көлемі 3,8 млрд теңгені құрайды.