Жуырда ОҚО Бәйдібек ауданының әкімі Б.Танагузовтың төрағалығымен кәсіпкерлермен кездесу жиыны өтті. Кездесу мәжілісіне барлық деңгейдегі кәсіпкерлер, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде «Боралдай ауылдық округі, Жыланды елді мекеніндегі индустриялды аймақты таныстыру барысы» туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Үсенұлы Ерлан баяндама жасады. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы ауқымында бірнеше ірі жобалар қолға алынып, жұмыстар атқарылуда. Индустрияландыру картасына енгізілген жобаларды жүзеге асырушы кәсіпкерлік құрылымдар мен инвесторлардың қызығушылығын арттыру мақсатында Боралдай ауылдық округі, Жыланды елді мекенінен 63,045 га жер телімі бөлініп, индустриялды аймақтық құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда аймаққа қажетті инфрақұрылымдары жүргізілген, құрылыс жұмыстарын толық аяқтау биылға жоспарланып отыр. Аймақта өндірілген өнім тас өңдеу азық-түлік өндіру бағыттарында болмақ. Алдағы уақытта әрбір ауылдық округтегі кәсібін ашамыз деуші азаматтарға шағын несие алу және басқа да кәсіпкерліктің жолдарын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлік палатасы, «оңтүстік туризм» орталығы, Шымкент СТК АҚ және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы ауданға инвестор тарту жұмыстары жүргізілуде.