Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы ауданында «Агро-V» ЖШС-нің өндірген кірпіштерінің сапасы жоғары. Бадам ауылында орналасқан кірпіш зауытында күніне 55 мың дана кірпіш өндіріледі. Беріктігіне тағар сын жоқ. Сұраныстың көптігінен кейде үлгермей жататын кездер де жоқ емес. Мұнда 60 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи жабдықтармен жабдықталған зауытта барлық құрылғы автоматтандырылған. Осыдан екі жыл бұрын «үдемелі индустриялды инновациялық даму» бағдарламасы аясында іске қосылған зауыт бүгінде қарқында жұмыс істеуде. Кәсіпорынның жалпы құны 526,9 миллион теңгені құрайды. Кірпіштердің берік болуы үшін күйдіруге арналған пеш басқа зауыттарда жоқ. Соның арқасында сапасы өте жоғары қыштарға сұраныс артып отыр. Жылына 25 миллион кірпіш шығаратын зауыттың өңір экономикасын өркендетуге қосып отырған үлесі қомақты. Әлеуметтік салаларға да көмек көрсетеді. Тек облыс көлемінде ғана емес өзге өңірлерге де өнімін саудалауда. Әлеуметтік нысандардың басым бөлігіне кәсіпорынның шығарған кірпіштері берік қалануда.