Бүгінде «Фуд мастер» АҚ өнімдері кез-келген отбасының дастарханынан табылары анық. Бал татыған қаймақ, кілегей, айран, сүтті тұтынушылар көбіне осы компанияның өнімін тұтынады. Жуырда ОҚО Ордабасы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Фуд Мастер» акционерлік коғамының сүт сатып алу департаментінің басшысы Б.Тәжиев аудандағы сүт өнімдерін өндірумен айналысатын шаруаларымен кездесті. Аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбеков жиынның мақсатына тоқталып, жоспарларымен таныстырды. Б.Тәжиев «Фуд Мастермен» жұмыс істеудің тиімділігі жөнінде әңгімелеп, көрсетілетін қызметтер барысын баяндады. Кездесу нәтижесінде Ордабасы ауданының Көктөбе, Темірлан, Төрткүл, Жеңіс ауылдарында сүт қабылдау бекеттерін ашу келісілді. Ендігі кезекте шағын шаруашылықтар кооперацияларға бірігіп, компаниямен келісімге келіп, сүт өнімдерін тиімді бағаға өткізуге мүмкіндік алды. Биылғы жылдың 8 айындағы есептілік бойынша, ауданда 26 489 сауынды сиыр бар. Демек, бұл келісімнің шаруаларға да, компанияға да пайдалы болары анық.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498