Әлеуметтің әлеуетін арттыру ешуақытта да назардан тыс қалған емес. Билік тарапынан болсын, қайырымды жандардың тарапынан болсын қашанда аз қамтылған отбасылардың жағдайына қарайласып, қамқорлық жасау әрдайым назарда. Жуырда ОҚО Түлкібас ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қайырымдылық іс-жоспары түзілген болатын. Осыған орай Майлыкент ауылдық округінің әкімі К.Жартыбаевтың ұйымдастыруымен округке қарасты аз қамтамасыз етілген отбасыларға дастархан жайып, ұн таратты. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Жанар Бектаева қатысып, аталған шараға орай қалың жұртшылықты мерекемен құттықтады. Жергілікті билік тарапынан әрдайым қолдау жасалып отыратындығына ауыл халқы дән риза. Аз да болса мейірім мен ілтипаттың салтанат құрғанына ауылдағы ағайын қуанулы. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.