«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының ұйымдастыруымен Түлкібас ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдаудың негізгі мақсаты азаматтардың өтініштері бойынша қабылдап, олардың мәселелерінің оң шешу жолдарын қарастыру болатын. Сонымен қатар халық пен билік арасындағы диалогтік алаңды кеңейту, бірлесіп жұмыс атқару. Қоғамдық қабылдауда «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Қыстауов: «облысымыздың барлық аудандарында халықтың өтініштерін тыңдау мақсатында кезекті қабылдаулар өткізілуде. Бүгін міне Түлкібас ауданына келіп отырмыз, өтініштеріңіз қараусыз қалмайды» деді. Қоғамдық қабылдауға 17 азамат өтінішке жазылып, өз тілек ниеттерін жеткізді. Олардың өтініштері тыңдалып, барлығына да оң шешім шығарылды.