Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы анимациялық фильмдердің отаны атанып жүр. Оған себеп те жоқ емес. Балаларды отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу үшін фильмдердің алатын орны ерек екені белгілі. Бұл тарапта оңтүстікқазақстандық студиялардың атқарып отырған шаруасы шашетектен. Жуырда ғана Астана қаласындағы Керуен ойын-сауық орталығындағы кинотеатрлар желісінде «Қазақ елі» тарихи анимациялық фильмі көрсетілді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтіп жатқан бұл іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, балаларға бұл фильмнің тәрбиелік рөлі мен маңыздылығын атап өтті. «Қазақфильм» АҚ бұл көрсетілімге фильмнің режиссері, «Оңтүстікфильм» мекемесінің директоры Батырхан Қалдарбекұлын арнайы шақырды. Б.Дәуренбеков өз сөзінде: «Еліміздің болашағы — сендерсіңдер, балалар! Сондықтан да өз тарихымызды біліп,өз Отандарыңды сүйетін патриот болып өсіңдер!» — деп балаларды елжанды азаматтар болып өсуге шақырды. Балаларға қызықты кітаптар мен сыйлықтар да тапсырылды. Осылайша «Оңтүстікфильм» мекемесі балаларға таптырмас тарту жасап отыр. Алдағы уақытта балалар үшін арнайы фильмдер көптеп түсірілмек.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498