Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ОҚО Арыс қалалық мәдениет үйі және орталық кітапхана ұжымы бірлесе отырып «Менің Қазақстаным» жылжымалы үгіт тобымен бүгінде ауыл ауылдарды аралап жүр. Жуырда ғана Ақдала ауылдық округіне қарасты П.Арапов және «Он там» елдімекендерінде концерттік іс-шара өткізді. Мерекелік шара барысында, елдің тарихы, өткені мен бүгіні, Тәуелсіздік пен Елбасы, заңғар жазушылардың мол мұралы әдеби туындыларынан құралған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің таңы атқалы бергі қол жеткізген толағай табыстармен танысып, жетістіктермен жіті қанығуға қол жеткізді. Ауыл тұрғындары үгіт тобының жұмысына дән ризашылықтарын білдірді.
Аталған үгіт керуені ауданға қарасты барлық ауылдық округтерді аралап шығатын болады.