Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас поселкесіндегі «Бәйтерек — 4» шағын консерві зауыты жеңіске жетті. Қараша айының алғашқы аптасында өткен 19-шы Орталық Азия Халықаралық көрмесінде зауыттың өнімдері жоғары бағаланып, 1-ші орынды жеңіп алып, Сапа дипломымен марапатталды. Көрмеге түрлі тосаптар, маринадталып, тұздалған қияр, қызанақ, банкіге бұқтырылған сиыр, жылқы еті апарылған болатын. Халықаралық сарапшылардың шешімімен «Бәйтеректің» өнімдері дәмді, үздік деп танылды. Серіктестік басшысының айтуынша, тек этикеткасына қатысты сын айтылыпты. Яғни, барлық сөздердің қазақша баламасы жазылуы қажеттігі, Мемлекеттік Тіл туралы Заңдылықтың сақталуы ескертіліпті. Бүгінде консерві зауытында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған. Маусым сайын мұнда тұздалатын өнім түрлері өзгеріп отырады. Жаз айларында қызанақ, қияр тұздалса, күн суытқалы бері жұмысшылар қырыққабат тұздаумен айналысуда. Алдағы уақытта басқа өнім түрлерін шығару да жоспарда бар.
Айгүл ЖАНДІЛДАҚЫЗЫ
Связанные истории
12.12.2016
28682
29.11.2016
38280