«100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 94-ші қадамда «Ашық үкіметті» енгізу жобасы бүгінде тиімді жұмыс жүргізуде. Бүгінде аталған жоба тұрғындарға тиімді болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің 24-сі енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға мүмкіндік туып отыр. «Ашық әкімдік» жобасы арқылы қолға алынған қызметтердің жиырма түрі автоматтандырылған және оларды «электронды үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы электронды түрде алуға болады. Мәселен жеке кәсіпкерді тіркеу есебі енді электронды түрде жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр. Бұрын кәсіпкерлікті тіркеу үшін өтініш толтырып, бірнеше жұмыс күні бойынша күту керек-тін. Бұл біраз уақытты алатын. Енді жеке кәсіпкер ретінде тіркеу куәлігін алу үшін күтудің қажеті жоқ. Ол үшін ғаламтор желісіне қосылған комьютер болса болғаны. Бұл жүйенің тиімді тұстары жетерлік. Ең алдымен уақыт үнемдеуге сеп болса, одан бөлек қаражатты үнемдеуге де болады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға да мол мүмкіндігі бар. Кіріс басқармасынан қарайтын бұл қызмет түрін бүгінде альтернативті негізде мемлекеттік органдар және Мемлекеттік корпорация көрсетеді. «Ашық үкіметтің» тиімді жобасының пайдасын көріп, ризашылықтарын білдіріп жатқандар көп.