«Нұр Отан» партиясы ОҚО Қазығұрт аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жиналысы болып өтті. Онда аудандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша 2016-жылдың 9 айындағы негізгі көрсеткіштер талқыланды. Бөлімше басшылары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілгендермен етене жұмыс істейтін бөлім қызметкерлері өз міндеттеріне адал қарағандығы қай жағынан алып қарасақ та айқын байқалады. Ауданның даму бағдарламасына сай, 2016-жылдың 9 айында тұрақты жұмысқа орналастыру, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлары артығымен орындалған.
Аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2016-жылдың 9 айында 1553 жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланса, 1617 жаңа жұмыс орыны құрылып, жоспар 104 пайызға орындалыпты. Тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру жоспары 1166 адам болса, ол 118 пайызға (1376 адам) орындалды. Ал, ақылы қоғамдық жұмысқа жоспарланған 395 адамның орнына 441 адам тартылған. Жұмыспен қамтуға бөлінген 20446 мың теңге қаржы толығымен игерілген. Ауданда 643 заңды тұлға бар. 449 мекеме мен ұйымдарда ұжымдық шарт жасалынуы қажет болса, 531 ұжымдық шарт жасалынып, көрсеткіш 118 пайызды құраған. Ауданда 3 рет (15-наурызда, 3-маусымда және 23-қыркүйекте) мүмкіндігі шектеулі жандарға және 1 рет (25-ші тамызда) білім саласының қызметкерлеріне арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 63 азамат, оның ішінде 41 мүгедек жұмысқа орналасты. Бос жұмыс орындарына 39 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа жолданды. Жыл басынан барлығы 80 мүмкіндігі шектеулі азамат еңбекке орналастырылып, 9 айлық жоспар 104 пайызға жүзеге асты. Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы» бағдарламасына 2254 адам тартылады деп жоспарланса, 9 айға жоспар 1939 адам болып белгіленіп, нақты 2252 азамат қатыстырылып, 9 айдың жоспары 116 пайызға орындалған.
Т.Бердіқұл