Бүгінде елімізде атқарушы билік жүйелерінің тәуелділігін жою мақсатында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы жолдауында «Бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу туралы тапсырмасы берілгені белгілі. Соның нәтижесінде «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» ашылған болатын. Қажетті құжаттарды қаланың әр тарабынан табанынан таусылып жинаудан құтылып қалды жұрт. Барлық құжат түрлерін бір жерден алу мәселесін одан да жетілдіре түсу үшін «Ашық Үкімет» жобасының қолға алынуы тіптен қызмет сапасын арттыра түсті. Соның арқасында бүгінде тіпті «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет түрін оңтүстікқазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан еш кедергісіз алуына мүмкіндік туып отыр. «Ашық Үкімет» жобасының қалың әлеуметке жасаған тиімді қызметі болып тұр. Сондай-ақ аталған қызметті электронды түрде рәсімдеуге де болады. Оңтүстік Қазақстан облысы Халыққа қызмет көрсету орталығының жалпы жиырма бір Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеуде. Аталған жобаның тиімділігінің арқасында әлдена-ақ өз жемісін бере бастады. Бір жерден барлық құжаттарды рәімдегеніне тұрғындар риза.
Связанные истории
12.12.2016
28682
29.11.2016
38280