Алдағы уақытта түрлі қызмет көрсету саласындағы лицензия беру қызметін альтернативті негізде мемлекеттік органдар және Мемлекеттік корпорация көрсететін болады. Бір жүйеге келтірілген жобаның тиімділігі өте жоғары. Бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында есеп беруге үкіметті қалыптастыру, халыққа ақпаратты қолжетімді ете түсуді көздейтін қадамдардың арқасында мүмкін болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында қарқынды түрде жұмыс істеп тұрған «Ашық әкімдік» жобасы аясында мемлекеттік кірістер органдарының 24 қызмет түрі енді автоматтандырылған жүйеге көшті. Енді бірнеше қызмет түрлері «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында мына қызмет түрлері бар: этил спиртінің өндірісіне, темекі өнімдерінің өндірісіне, алкоголь өнімін өндіруге, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензияны электронды жүйеде алуға болады. Бұрындары қызмет көрсету саласында нан тауып жүрген кәсіпкерлер үшін лицензия алу оңайға соқпайтын. Енді «Ашық әкімдік» жобасының арқасында аталған қызмет түрі оңтайландырылды.