ОҚО Қазығұрт ауданына қарасты Қосағаш елді мекенінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында жаңа көпір пайдалануға берілді. Бұл еліміздің күннен күнге көркейіп келе жатқанының бір айғағы. Көпірдің заманауи үлгіде және сапа жағынан да өте жоғары деңгейде орындалғанын айтуға болады. Ауыл арасында көпке белгілі «тентек каржан өзені» — деген сөз рас. Көктем мен күз айларындағы нөсерлі ақ жауын кездерінде ойда жоқта бұрқан талқаны шығып сел келеді де арғы бет пен бергі бет арасындағы кеңес одағы кезінде асар әдісімен салынған көпірдің бір шетін алып кетіп, ортадағы жол байланысын үзеді. Мектеп оқушыларын ауыл тұрғындары мен мұғалімдер бірлесе отырып түрлі жағдайларда алып өтетін. Енді ондай қауіп жоқ. Замануи көпірдің игілігін ел көріп отыр. Ауыл ортасындағы көпір, жаңа 300 орынды мектеп, жол жиегіндегі жаяу жүргіншілер жолы бұл ел мерейін асқақтатар жемісті жеңісті ұлы істер десек болады. Жаңа көпірдің ашылу салтанатына аудан әкімі Т.Телғараев пен оның орынбасары С.Тұрсынқұлов және бөлім басшылары, аудандық маслихат депутаты Мұхтар Момынов пен ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы қатысты.
Бақытжан Оразымбетов
Связанные истории
12.12.2016
28682
29.11.2016
38280