Бұрындары арнайы қызмет көрсетуге рұқсат беретін ресми құжатты Астанаға ат терлетіп барып алып қайтатын. Бүгінде «Ашық Үкімет» жобасының аясында облыс орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында аталған құжаттарды алуға мүмкіндік туып отыр. Бүгінде ОҚО-да «Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты енді ХҚКО-ларда берілетін болды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бұл мүмкіндігін пайдаланушылардың қатары аз емес. Арнайы орталыққа бармай-ақ алудың да мүмкіндігі бар. Оны «электрондық үкімет» www.еgov.kz веб-порталы арқылы да жүзеге асыруға болады. Аталған порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жолданған кейін, оның нәтижесі қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алғысы келсе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және мөрмен расталып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасымен қол қойылып беріледі. Сондай-ақ портал арқылы электрондық кезекті брондауға да болады.