ОҚО-дағы барлық ХҚКО-ларда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» атты қызмет түрін алуға болады. Бұл «Ашық әкімдіктің» арқасында мүмкін болып отыр. Осы қызмет түрін алушы экстернат нысанында оқытуға өтінішті биылғы оқу жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей беруі қажет. Аталған қызметті алушы қағаз түрінде алуға барған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды түрде рәсімделеді. Қағазға басып шығарылып, мөрмен расталады. Әрі аталған қызмет түрін беруші уәкілетті тұлғаның қолы қойылады. Ал порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолданады. Құжаттар қабылданған кезде алушыға тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі. Кейін дайын құжатты алуға келгенде қолхатпен бірге жеке тұлғаны куәландыратын құжатты көрсету қажет болады. Мемлекеттік корпорация барлық көрсетілетін қызмет түрлері бойынша берілген құжаттарды бір ай мерзім сақталуын қамтамасыз етеді. Егер қажет болған жағдайда оларды қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді.
Связанные истории
12.12.2016
28682
29.11.2016
38280