ОҚО Қазығұрт ауданында бүгінгі күні әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан. Аудан бойынша 64 елді мекеннің қазіргі таңда 42 елді мекені ауыз су құбырымен қамтылған, оның ішінде 13 елді мекенге ауыз су тұрақты берілуде. 19 елді мекендерде ауыз су жүйесі құрылысын жүргізуді қажет етеді. Осы елді мекеннің жер асты су қоры қорытындысы алынып, облыстық бюджеттен 69,6 млн. теңге қаржы бөлініп 15 елді мекеннің ауыз су жүйелерінің құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Таза ауыз су тарту мақсатында ағымдағы жылы аудандық бюджет есебінен 161,6 млн. теңге қаржы бөлініп, жалпы ұзындығы – 12,65 шақырымды құрайтын 16 жолға орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 71,9 млн. теңге қаржы бөлініп, жалпы ұзындығы 30,4 шақырымды құрайтын 4 жолға орта жөндеу және 1 жолға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Республикалық бюджеттен 11 көшенің 30,4 шақырым аяқжолына және 9,4 шақырым құрайтын 9 көшенің орта жөндеуіне 317,6 млн. теңге бөлініп, тиісті жөндеу жұмыстары атқарылатын болады. 2015-жылы 220,4 млн. теңгелік 2 көпірдің құрылысы басталып, 2016 жылы пайдалануға берілді. Газдандыру жұмыстары бойынша 64 елді мекеннің бүгінгі таңға 10 немесе 15,6 пайызы табиғи газбен қамтылған. «Болашақ» мөлтек ауданның инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына 2016 жылы Ұлттық қордан 578,0 млн. тенге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан 2017 жылға өтпелі. жалпы құны – 1049,3 млн. тг құрайды.