Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы» қабылданды. Декларацияда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру тарихина баға беріліп, осы бағыттағы миссияны Елбасының аса сәтті орындап шыққаны атап көрсетілген. Еліміздің өміршеңдігін көрсететін тарихи құжатқа қолдау білдірген Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық «Қоғамдық келісім» КММ бүгін Сайрам ауданындағы Абылай хан атындағы №93 жалпы орта мектепте арнайы іс-шара ұйымдастырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Р.Халмұрадов, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов, аудандық мәслихат хатшысы Ж.Сүйлейменов, аудандық сот төрағасы Б.Тыныбеков, аудан прокуроры О.Әбдіраманов және 300-ге жуық аудан тұрғындарының қатысуымен өткен жиында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясының маңыздылығы сөз болды. Декларацияның Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы мен ауқымды жетістіктерін, Ұлы Дала елінің «Мәңгілік Ел» құндылықтары аясындағы жеңістерін бейнелейтін маңызы ерекше құжат болып табылатындығы айтылды.
Связанные истории
12.12.2016
28682
29.11.2016
38280