«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасын көтермек мақсатта бірнеше қадамдар белгіленгені айқын. Сол бойынша бірқатар өзгерістер орын алды. Бұрынғы «Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс» кодексінің орнына «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» жасалды. Осыған орай жуырда ОҚО Қазығұрт аудандық әкімдігінде Әдеп Кодексінің талаптары жайлы семинар-кеңес ұйымдастырылды. Аудан активі жиналған семинарға облыс әкімінің кеңесшісі-Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев арнайы қатысты. Семинарды аудан әкімі Төлеген Телғараев жүргізіп отырды. Аудан әкімі аппаратының басшысы Әбілқасым Қожахан жергілікті атқарушы билік органдары мен бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде жұмыс атқарып жатқан мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексінің орындалу барысы жайлы баяндады. Әмірдин Әлішев Әдеп Кодексінің демократиялық құндылық ретіндегі мәніне, оның облыс аумағында жоғары деңгейде орындалуы мемлекеттік басқару ісін ізгілендіретініне тоқталды және бұл құжаттың кейбір тармақтарын таратып айтты.
Т. БЕРДІҚҰЛ.
Связанные истории
12.12.2016
28682
29.11.2016
38280