ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілістің кезекті жиынындағы қаралған екінші мәселе ауыл шаруашылығы саласына арналды. Биыл аул шаруашылығы бойынша жалпы өнімінің нақты көлем индексінің жылдық жоспары 105% болса, 10 айда 101,2% құрап отыр. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның нақты көлемінің индексі бойынша жылдық жоспар 100,2% болса, нақты 29,8% құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі бойынша жоспар — 5% болса, салалық басқарма жылдың қорытындысымен 5,3% болады деп болжануда. Жоғарыда көрсетілген салалардағы кемшіліктер бойынша басқарма басшылары мен тиісті аудан, қала әкімдерінің жауаптарынан соң, Ж.Түймебаев жыл соңына дейін индикаторлар көрсеткішін жоспарлы межеге жеткізіп, басқарма басшыларының бірігіп жұмыс істеу керектігін тапсырды. Күн тәртібінде екінші мәселе ретінде «Үкіметтік селекторда тындалатын мәселелер» қарастырылды. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасын әзірлеу мәселелері» бойынша облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Тұрбеков мәлімет келтірсе, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы С.Полатов баяндама жасады. Ал «Жұмыспен нәтижелі қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдері» бойынша облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Құралова айтты. Баяндамаларды тыңдаған облыс басшысы айтылған ұсыныс, пікірлерді жұмыс барысында басымдыққа алу қажеттігін ескертті.